Ауылдық округ әкімі мен учаскелік полиция инспекторы бірлесіп, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қарашай ауылдық округіне қарасты Қаратаусай және Аққайын елді мекендердің санитарлық тазалығына рейдтік шолу жүргізді. Екі айлық санитарлық тазалық шарасы барысында қоқыстарын қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығармаған тұрғындарға ескерту хаттамалары толтырылды. Сонымен қатар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы толтырылған хаттама саны – 15.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-karashai/press/news/details/1217890?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау