Бурабай ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абдрахманов А.Т. төрағалығымен Бурабай аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында әлеуметтік сала мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қатысты өзекті мәселелер қаралды.

«Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманы Шайкенов Е.А. «Ауылдық елді мекендерде мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы» баяндама жасады. Кездесу барысында ерекше қажеттілігі бар азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, «Жаңа тұрмыс 2020» ЖШС директоры Ильдебаев А.А. Щучинск қаласы, Бурабай кенті және Зеленый бор ауылындағы жылыту маусымының аяқталуы туралы ақпарат берді. Жылыту маусымының қорытындылары шығарылып, келесі маусымға дайындық жұмыстары айқындалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан тиісті ұсынымдар мен ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-burabay/press/news/details/1218056?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version