Ұлы Жеңіс күні – майданда елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігінің, биік рухының мерекесі.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Ұрпақтың еске алуы мен құндылықтардың сабақтастығы – бұл жанқиярлықпен жеңiске жеткен майдангерлердiң алдындағы қасиеттi борышымыз.
Ұлы мерекеге орай, Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабеков пен Байқадам ауылдық округінің әкімі Мейіржан Уксикбаев Саудакент ауылының тұрғыны, тыл ардагері Базаркүл Әлиеваның шаңырағына арнайы барып, мерекелік сый-құрмет көрсетті.
Бiздiң елiмiз бен бүкiл адамзат үшiн жасаған тыл ардагерлерінің барлық ерлiк iстерi, ауыр күндердегі адал еңбектері мен белсенді азаматтық ұстанымдары үшiн тағзым етемiз және үлкен ризашылығымызды бiлдiріп, жан аямас жаужүректілігі мен ерен еңбектеріне әрдайым құрметпен бас иеміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/1218375?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау