Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кездесу барысында келесі мәселелер қаралды:
▪️ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың уақытылы және толық төленуін бақылау;
▪️ еңбек заңнамасының бұзушылықтарын анықтау;
▪️ мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл.
Кейбір жағдайларда міндетті төлемдердің уақытылы және толық төленбеу фактілері анықталғаны атап өтілді. Осыған байланысты мониторингті күшейту және мемлекеттік кірістер департаменті мен еңбек инспекциясы арасындағы ақпарат алмасуды жетілдіру қажеттілігі айтылды.
Кеңес қорытындысы бойынша:
– жұмыс берушілерге бақылауды күшейту;
– тұрақты ақпарат алмасу тетігін пысықтау;
– бірлескен іс-шаралар өткізу мүмкіндігін қарастыру туралы шешім қабылданды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1218254?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау