Скорингтік үлгі – отбасының цифрлық картасының деректері негізінде отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалауға көмектесетін алгоритм. Ол қолдауға мұқтаждық деңгейін анықтау үшін көптеген факторларды ескереді.Скоринг нақты үй шаруашылығының сапалық сипаттамаларын сандық өлшемдерге айналдырып, оны әл-ауқат деңгейі шкаласы бойынша орналастырады.Отбасылардың әл-ауқат деңгейін анықтаудың баллдық моделі жергілікті бюджеттер есебінен іске асырылатын қосымша әлеуметтік қолдау шараларын тағайындау кезінде пайдаланылады, мысалы, мектептерде тамақтандыру, колледждер мен ЖОО студенттерін жатақханамен қамту, санаториялық-курорттық емдеу, тұрғын үй көмегін көрсету және т.б. Отбасының әл-ауқат деңгейі 23 әлеуметтік-демографиялық және экономикалық критерийлер бойынша анықталатын болады. Қосымша қолдау шараларына өтініш білдірген барлық отбасылар 6 санатқа жіктеледі – аса қажеттіліктен (азық-түлікке қаражаттың болмауы) жоғары әл-ауқатқа дейін (қаржылық қиындықтар жоқ). Шешім отбасының цифрлық картасы арқылы жиналған объективті деректер негізінде автоматты түрде қабылданады. Әлеуметтік көмек барлығына бірдей емес, қажеттілігіне қарай көрсетіледі. Материалдық көрсеткіш ретінде есепке алынады: табыс, мүлік, көлік, несиелердің болуы; және материалдық емес (денсаулық, мүгедектік, білім деңгейі), сондай-ақ тәуелділік ауыртпалығы және жасырын табыстың болуы, мысалы, бейресми жұмыс.2 және одан да көп тұрғын үй, 2 және одан да көп көлік құралы, тіркелген заңды тұлғасы (ЖК, ЖШС) бар және бір отбасы мүшесіне шаққандағы айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 4 деңгейінен асатын үй қожалығы – әл-ауқат деңгейі жоғары 6-санатқа жатқызылады. Мұндай отбасылар жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын қосымша әлеуметтік қолдау шараларын алушылардың қатарынан шығарылады.1-5 санатқа жатқызылған отбасыларды қолдау шараларын тағайындау автоматты түрде жүзеге асырылады.
Скорингтік үлгіні енгізу республикалық бюджеттен кепілдендірілген әлеуметтік төлемдерге (барлығы 41 түріне) әсер етпейтінін атап өткен жөн. Базалық және ынтымақты зейнетақылар, жүктілігі және бала күтімі бойынша 1,5 жасқа дейінгі жәрдемақылар, көпбалалы отбасыларға және марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы, мүгедектік бойынша және мүгедек бала күтімі бойынша жәрдемақылар, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік және басқа да жәрдемақы түрлері өзгеріссіз төленетін болады.
Баллдық үлгіні қолдану нақты мұқтаж азаматтарға мақсатты түрде көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1217429?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау