II Халықаралық “Заң мен тәртіп” фотобайқауы басталды
Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің шығармашылық өкілдері қатыса алады.
Конкурсқа арналған жұмыстар төмендегі үш номинация бойынша қабылданады:
- “Заң мен тәртіп — қауіпсіз балалық шақтың кепілі”
- “Цифрлық қауіпсіздік: қоғам тыныштығын күзететін заманауи технологиялар”
- “Таза Қазақстан: тәртіп тазалықтан басталады”
Жұмыстарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусымға дейін жалғасады.
Жұмыстар электрондық пошта арқылы қабылданады: Polisia.kz@bk.ru
Қатысу талаптары:
- Бір қатысушыдан 3 фотосуретке дейін қабылданады;
- Жұмыстар JPEG форматында қабылданады;
- Сапасы кемінде 5 MP, 300 dpi болу керек;
- Әр фотосуретке тиісті номинация көрсетілген қысқаша сипаттама қоса берілуі қажет.
Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1218053?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау