Интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында ауылдық округ әкімдігі аппаратының маманы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық жадынамалар таратты.
Тұрғындарға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы ақпарат беріліп, жеке мәліметтер мен SMS-кодтарды ешкімге айтпау, күмәнді сілтемелерге өтпеу, онлайн сатып алу мен телефон қоңыраулары кезінде сақ болу секілді қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.
Тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға және алаяқтардың арбауына түспеуге шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau-syrymbet/press/news/details/1217966?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау