КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 42-ШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Кентау қалалық мәслихатының кезектен тыс 42-ші сессиясы өтті. Сессия отырысына қала әкімі Жандос Тасов, қала әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, ауыл әкімдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

  1. Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №232 «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы №178 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  3. Кентау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №83 «Кентау қаласының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Кентау қаласына қарасты елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер қалалық мәслихаттың бюджет және бірлескен тұрақты комиссияларының отырысында алдын ала талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1217552?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version