Шымкент қаласында тұрғын үй-коммуналды инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында 2026 жылы көп қабатты 31 үйді күрделі жөндеу жоспарлануда.
Әл-Фараби ауданында – 21, Еңбекші ауданында – 7, Тұран ауданында 3 үйдің қасбеті жаңартылып, шатыры ауыстырылады. Сонымен қатар, үйлерге кіреберістер мен бастырмалар орнатылып, кешенді жаңарту жұмысы атқарылады.
Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан Тұрысов көшесіндегі №51 және Ерманов көшесіндегі №11 үйлерде шатыр ауыстырылып, кіреберісі, іргетасы қоршалуда, сонымен бірге суағар, қасбетін жөнделуде. Күрделі жөндеу жұмысын шілде айына дейін аяқтау жоспарланған.
Айта кетейік, Шымкент қаласының тұрғындары қайтарымды қаржы есебінен күрделі жөндеу жұмысына «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-не жазбаша өтінім бере алады.
Мекенжайы: Ш.Қалдаяқов көшесі, №30.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kurylys/press/news/details/1218113?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау