Конкурс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы «29» маусым сағат 10.00-де, ауыл шаруашылығы өндірісін және шаруа (фермер) қожалығын  жүргізу үшін уақытша өтеулі (жалдау) жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс мына мекен-жайы бойынша өткізеді: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы,  Абай көшесі, 75, «Ақтоғай ауданының әкімі аппараты» ММ.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттама тізбелерін мына мекен жайда қабылданады: Ақтоғай ауданы, Ақтоғай а., Абай көшесі, 77. Жұмыс телефондары 87184121425,  87184121527.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу осы ақпараттық хабарлама (ХАБАРЛАМА) алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң басталады және өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.Өтінімдер 2026 жылғы «8» маумымнан бастап 2026 жылғы «26» маусым аралығында қабылданады.

Конкурс өтінімдерінің конверттері 2026 жылғы «29» маусым сағат 10-00 де, Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай а. Абай көшесі 75, мекен-жайы бойынша ашылады, мәжіліс залы 1–ші қабат. Ауыл шаруашылығы өндірісін және шаруа(фермерлік) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

 

Жер Кодексінің 43-1-бабының 9-тармағына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсынысты, “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген, өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

                Конкурстық ұсыныста:

                1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

                2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

                3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

                Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

                Жер Кодексінің 43-1-баптың 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылдамай тастауға жатады.

Конкурс бойынша толық ақпаратты «Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ –де алуға болады, мына мекен-жайы бойынша: Ақтогай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 77, немесе тел. 8(71841)21-4-25.

 

 

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

 

 

 

 

Р/с

 

 

Лот-тың №

 

 

 

Жер учаскесінің орналасқан жері

 

 

 

Ауыл шаруашылық мамандануы

Жалдау мерзім, жыл

 

Жер учаскесінің жалпы ауданы, га

 

Алқаптардың құрамы, оның ішінде

Бонинет баллы

 

 

Сапалы топырақтың сипаттамасы

 

Кадастрлық квартал

 

тыңайған жерлер

жайылымдар

басқа жерлер

 

 

 

барлығы

оның ішінде

түбегейлі жақсартылған

таби ғи

1

26

Қожамжар а/о

өсімдік шаруашылығы

12

402,7591

402,0

 

 

 

0,7591

12

Қара – қоңыр

-059

2

27

Караоба а/о

мал шаруашылығы

12

338,881

 

335,0

254,0

 81,0

3,881

11

Қара – қоңыр

-168

3

28

Жалаулы а/о

мал шаруашылығы

12

62,8135

 

62,5

 

62,5

0,3135

11

Қара – қоңыр

-019

4

29

Ақжол а/о

мал шаруашылығы

12

480,3

 

477,5

 

477,5

2,8

11

Қара – қоңыр

-040

5

30

Ақжол а/о

өсімдік шаруашылығы

12

212,2655

212,0

 

 

 

0,2655

11

Қара – қоңыр

-137

6

31

Ақжол а/о

мал және өсімдік шаруашылығы

12

582,4499

200,0

381,0

206,0

175,0

1,4499

11

Қара – қоңыр

-039

7

32

Ақжол а/о

мал шаруашылығы

12

742,3085

 

501,0

 

501,0

241,3085

11

Қара – қоңыр

-040

8

33

Ақжол а/о

өсімдік шаруашылығы

12

237,2607

 

236,0

113,0

123,0

1,2607

12

Қара – қоңыр

-041

9

34

Ақжол а/о

өсімдік шаруашылығы

12

253,829

 

253,0

253,0

 

0,829

12

Қара – қоңыр

-039

10

35

Ақжол а/о

мал шаруашылығы

12

164,9831

 

164,8

 

164,8

0,1831

10

Қара – қоңыр

-139

11

36

Ақжол а/о

мал және өсімдік шаруашылығы

12

196,3923

 137,0

59,1

 

59,1

0,2923

13

Қара – қоңыр

-040

12

37

Ақжол а/о

мал шаруашылығы

12

301,4252

 

301,0

 

301,0

0,4252

10

Қара – қоңыр

-041

13

38

Ақжол а/о

өсімдік шаруашылығы

12

393,0421

 392,0

 

 

 

1,0421

12

Қара – қоңыр

-137

14

39

Ақжол а/о

мал шаруашылығы

12

505,3

 

500,3

 

500,3

5,0

11

Қара – қоңыр

-072

Барлығы

4 874,01

1 343,0

3 271,2

826,0

2445,2

259,8099

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-akkuly/press/news/details/1218343?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version