Сахна төрінде Абайдың әндері шырқалып, Құманғазының күйлерін«Алтай» фольклорлық-этнографиялық ансамблі орындады. ҚР мәдениет саласының үздіктері Нұргүл Қабдолаева, Әсел Қыдырханова, Алпыс Жақиянов жанды дауыстағы әндері көрерменді ерекше әсерге бөледі. Концерт аясында ШҚО әкімінің атынан Барнаул қаласындағы «Қазақ ұлттық-мәдени автономиясы» қоғамдық бірлестініге арнайы тігілген ұлттық киімдер табысталды. Концертке келген ақжаулықты аналар батасын беріп, көздеріне жас алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1217908?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау