Маңғыстау облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының 5-шағын ауданында орналасқан сауда орындарында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Рейд барысында кәсіпкерлер мен сатушыларға алкоголь өнімдерін сатуға қатысты заң талаптары түсіндірілді. Әсіресе, кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатуға қатаң тыйым салынатыны ескертіліп, заң бұзған жағдайда қарастырылатын жауапкершілік туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындарға арнайы ақпараттық брошюралар таратылды. Полицейлер азаматтарға күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу және белгісіз тұлғалардың қаржылық ұсыныстарына сенбеу қажеттігін түсіндірді.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауға және қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырады.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау