Мекеме қызметкерлеріне еңбек заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

          Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасында  Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментінің мамандарымен аталған мекеме ұжымның жұмыскерлерімен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер  бойынша кездесу  өткізді.

          Кездесу барысында жұмыс берушінің еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) мәліметтерді уақтылы енгізу мәселелері, сондай-ақ жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасу және тоқтату туралы мәліметтерді енгізу кезінде туындайтын әдеттегі қателіктер мен  сәйкессіздіктер егжей-тегжейлі қаралды.

          Кездесу соңында мемлекеттік инспекция мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, заңнаманы бұзышылықтарды болдырмау туралы ұсыныстар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1218335?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version