Мобильді аударымдарды бақылау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мобильді аударымдарды бақылау өлшемшарттары

Бір жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банктік шотына (шоттарына) қатарынан күнтізбелік әрбір үш ай ішінде  100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан ақша қаражатын алуы, сондай-ақ көрсетілген кезеңдегі түсімдердің жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асқан жағдайда бақылауға жатады(бұдан әрі – өлшемшарт).

Анықтама үшін: 2026 жылы ең төменгі жалақы – 85 000 теңге, 12 ЕТЖ = 1 020 000 теңге.

Аталған критерийлер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығымен бекітілген.

Анықтама үшін: екінші деңгейдегі банктер тек алушының ЖСН-ын және кезең бойынша түскен жиынтық соманы ғана (теңгемен) ұсынады.

 

Екінші деңгейдегі банктердің мәліметтерді ұсынуы

Екінші деңгейдегі банктер мәліметтерді салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей тоқсан сайын ұсынады (2026 жылғы 15 сәуірге дейін 2026 жылғы қаңтар–наурыз айлары бойынша алғашқы мәліметтер алынатын болады), және тек жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарқатар орындалған жағдайда ғана.

Қазіргі уақытта кейбір банктермен ақпарат әлі ұсынылған жоқ. Екінші деңгейдегі банктерден мәліметтерді жинау аяқталғаннан кейін (алдын ала ағымдағы жылдың мамыр айында) салық органдары тарапынан тиісті бақылау шаралары жүргізіледі.

 

Мәліметтерді алғаннан кейін салық органының әрекеттері

Көрсетілген мәліметтерді алғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары келесі бақылау шараларын жүргізеді:

жеке тұлғаларды жеке кәсіпкер немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде тіркелу қажеттілігі туралы хабардар ету;

         салық кезеңі үшін салық есептілігін тапсыру мерзімі өткеннен кейін камеральдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама жіберу:

  • арнайы салық режимдегі ЖК үшін – жартыжылдық қорытындысы бойынша (15.08.2026 ж. және 15.02.2027 ж. -кейін);
  • жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ЖК үшін – 31.03.2027 ж. кейін.

Жеке тұлғаларды хабардар ету жауап беруді талап етпейді. 2027 жылғы 15 қыркүйектен кейін (270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімі) жеке тұлға дербес салық салуға жататын табыстар бойынша салыстыру жүргізіліп, камеральдық бақылау нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер туралы хабарлама жіберіледі.

Анықтама үшін: камеральдық бақылау нәтижелері бойынша салық төлеушіге анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама жіберіледі, ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс.

Хабарламаны орындау болып мыналар танылады:

сәйкессіздіктермен келіскен жағдайда – салық есептілігін ұсыну;

сәйкессіздіктермен келіспеген жағдайда – түсіндірме ұсыну.

 

Шығыс операцияларын тоқтата тұру

Жеке тұлғаның белгіленген өлшемшартқа сәйкес келуі банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтату үшін дербес негіз болып табылмайды.

Шығыс операцияларын тоқтату тек камеральдық бақылау нәтижелері бойынша жіберілген хабарламаны орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген тәртіппен және негіздер бойынша ғана жол беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1218328?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version