Мұнай өңдеу тереңдігі жеңіл мұнай өнімдерін өндіру көлемінің өсуі аясында 90%-ға жетт.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда мұнай өңдеу тереңдігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдегі үш мұнай өңдеу зауытында мұнай өңдеудің орташа тереңдігі 87,4%-дан 90%-ға дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Атап айтқанда:
* Атырау мұнай өңдеу зауыты – 85%-дан 88%-ға дейін өсті;
* Шымкент мұнай өңдеу зауыты – 86%-дан 88%-ға дейін;
* Павлодар мұнай-химия зауыты – 91%-дан 94%-ға дейін.
Көрсеткіштердің өсуі жеңіл мұнай өнімдерінің үлесін 70–79%-дан 75–81%-ға дейін арттыру, сондай-ақ Павлодар мұнай-химия зауытында битум өндірісін 366 мың тоннадан 426 мың тоннаға дейін көбейту есебінен қамтамасыз етілді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша 2024 жылмен салыстырғанда негізгі мұнай өнімдерін өндіру көлемінің өсуі тіркелді:
* автобензиндер – 5,7 млн тонна (107%);
* дизель отыны – 6,1 млн тонна (116%).
Мұнай өңдеу тереңдігін 94%-ға дейін одан әрі арттыру мұнай өңдеу зауыттарының қуаттарын жаңғырту және кеңейту есебінен жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-nadezhdin/press/news/details/1217726?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version