Бүгін 2026 жылғы 06 мамыр күні, Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Мамыр Мұхит Сатымбайұлының Көксу бекетінің тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.
Кездесу барысында округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасалып, тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалды. Әсіресе, арық суы мен көше жарығы мәселелері көтеріліп, оларды шешу жолдары бойынша пікір алмасу болды.
Бұл ашық кездесу тұрғындардың пікірін ескеріп, ортақ мәселелерді бірлесе шешуге бағытталған маңызды қадам болды.
Белсенділік танытқан барша тұрғындарға алғысымызды білдіреміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-mukanshy/press/news/details/1218078?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау