Өскемен полицейлері адасып кеткен баланы үйіне қайтарды
11 мамыр күні Ахмир кентінде патрульдеу барысында Өскемен қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері полиция аға лейтенанттары Баймұхамбетұлы Рахат пен Берекенов Данабек көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған баланы байқап қалған.
Әңгімелесу барысында полицейлер баланың үйінен алыс кетіп қалғанын, тұрғылықты мекенжайын және ата-анасы туралы мәліметтерді айта алмайтынын анықтады. Сонымен қатар, баланың даму ерекшеліктері болғандықтан, оның жеке басын және заңды өкілдерін анықтау жұмыстары күрделене түсті.
Тәртіп сақшылары баланы қызметтік автокөлікке отырғызып, туыстарын іздестіру жұмыстарын бастады. Осы мақсатта жақын маңдағы дүкен қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардан сұрастыру жүргізілді. Шамамен 30 минуттан кейін «102» арнасына дәл осы баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Полицейлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында кәмелетке толмаған баланың отбасы анықталып, бүлдіршін аман-есен ата-анасына табысталды.
Полиция ересектерге балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін еске салады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1218044?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау