Қазақстан Республикасының 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай, Шардара ауданында тағылымы терең, мазмұны жоғары құрмет көрсету іс-шарасы өтті.
Аталған мереке қарсаңында, Шардара ауданының әкімі – Қарсыбаев Арман Романұлы, Шардара аудандық мәслихат төрағасы Муталиев Бұлтбай Лесбекұлы, Шардара ауданының прокуроры Әлі Алмас Ермекұлы және Шардара ауданының полиция бөлімінің бастығы Нұрсұлтан Елшібаев «Прокуратура ардагері» Жәнібеков Батыржан Нұрмаханұлының отбасына арнайы барып, ұзақ жылдар бойы құқық қорғау саласында абыройлы еңбек етіп, ел тыныштығы мен заң үстемдігін нығайтуға зор үлес қосқан Батыржан Нұрмаханұлын құттықтап, құрмет көрсетті..
Кездесу барысында ардагерге елге сіңірген еңбегі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы адал қызметі үшін зор алғыс білдіріліп, мерекелік медаль мен Алғыс хаттар табысталды. Бұл – жас ұрпаққа отансүйгіштік пен қызметке адалдықтың айқын үлгісін көрсететін тағылымды сәт болды.
Шара барысында аудан әкімі Арман Романұлы Отан қорғаушылар күнінің мәні мен маңызын атап өтіп, ел тыныштығы – ең қымбат құндылық екенін, ал сол бейбіт өмірдің сақталуына ардагерлер мен бүгінгі буынның қосқан еңбегі өлшеусіз екенін ерекше ілтипатпен жеткізді. Сонымен қатар Батыржан Нұрмаханұлына Б.Лесбекұлы, Алмас Ермекұлы, Н.Тұрашбекұлы өздерінің мерекелік жылы лебізін білдіріп, оның өмір жолы – жас мамандар үшін өнеге екенін атап өтті.
Мұндай игі бастама – ел бірлігі мен рухани сабақтастықты нығайтып, аға буынға деген құрмет пен ізетті арттыра түсетін маңызды мәдени-рухани шаралардың бірі болып табылады.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі!!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1218066?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау