Қaрaғaндыда банк маңында болған батыл тонау дерегі ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қaрaғaндыда банк маңында болған батыл тонау дерегі ашылды. Қарағандылық полицейлер батыл тонау дерегін жедел түрде ашты. Оқиға сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Белгілі болғандай, күдікті банк бөлімшесінің жанында 67 жастағы зейнеткер әйелді аңдып тұрған. Күтпеген жерден шабуыл жасаған ол әйелдің қолындағы әмиянын жұлып алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Келтірілген шығын көлемі 117 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды мұқият зерттеп, жәбірленуші көрсеткен бағыт бойынша күдіктінің қозғалыс бағытын анықтаған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсті. Ол Теміртау қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1218270?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version