Қостанай облысында мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау туралы
2026 жылғы 24 сәуірде С.Ш. Манасбаевтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың бюджет және өңір экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Іс-шара қашықтық (ZOOM) форматта өтті.
Отырыс барысында саланың ағымдағы жай-күйі мен өсу перспективалары, өңірде жаңа сүт-тауар фермалары құрылысының барысы талқыланды. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көмек көрсету шараларының тиімділігі айтылды.
Ақпаратпен ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерік Досмұхамедов және «Тобыл» ӘКК АҚ төрағасының орынбасары Серік Бектұрғанов сөз сөйледі. Талқылауға облыстық мәслихат депутаттары қатысты.
Атап айтқанда, мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде оң динамика байқалды, ет өндірісі 17,6 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың деңгейінде. Жұмыртқа өндірісі 95,5 млн дананы құрады, өсім 10% құрады. Сүт өндірісі жыл басынан бері 45,2 мың тоннаны құрап, 6,5%-ке артты.
Жалпы облыста сүт мал шаруашылығын дамытуға, атап айтқанда қазіргі заманғы сүт-тауар фермаларын (МТФ) салуға ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінгі күні жалпы қуаттылығы жылына 46 мың тонна сүтті құрайтын 7 заманауи МТФ пайдалануға берілді (2024 жылы – 3 МТФ, 2025 жылы – 4 МТФ). Өткен жылы қаржыландырылған МТФ жобаларының ішінен ағымдағы жылы жалпы қуаттылығы жылына 31 мың тонна сүтті құрайтын 5 ферманы пайдалануға беру күтілуде, қалған 400 басқа арналған МТФ 2027 жылы іске асыруға жоспарланған («Куанышбаев К.М.» ШҚ, Алтынсарин ауданы), өйткені құрылыс-монтаждау жұмыстарын енді ғана басталады.
Отырыс қорытындысы бойынша аграрлық секторды одан әрі ынталандыру және бюджет қаражатын тиімді игеру бойынша ұсынымдар әзірленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1218337?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау