Қостанайда «FRIENDS IN FOCUS: 577 YEY стандарттары бойынша» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Іс-шара жастармен жұмыс істейтін мамандардың құқықбұзушылықтың алдын алу, «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау және жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу бағытындағы тәжірибелік білігін арттыруды көздеді.
Семинарға облыстың қала және аудан жастар ресурстық орталықтарының мамандары, психологтар, студенттер, волонтерлер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында жастармен жұмыс жүргізудің заманауи тәсілдері, профилактикалық жұмыстың тетіктері және ашық диалог құрудың тиімді жолдары талқыланды. Сондай-ақ жастар саясаты, құқықбұзушылықтың алдын алу және жастарды қоғамдық бастамаларға тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1218295?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау