Құрметті Қостанай облысының тұрғындары!
Жаңа жыл қарсаңында Қостанай облыстық мәслихатының атынан Сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!
Қостанай жері-еңбекқор адамдардың, бай дәстүрлердің және сенімді алға жылжудың өлкесі. Өткен жыл біздің өңіріміз үшін алға жылжу уақыты болды: экономика нығайды, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп дамыды, әлеуметтік обьектілер салынды, облыс тұрғындарының игілігі үшін маңызды бастамалар іске асырылды.
Аймақтың күші-адамдардың бірлігі мен туған жерге деген сүйіспеншілігінде. Қостанай облысы адал еңбектеріңіз бен жауапкершіліктеріңіздің арқасында болашаққа сенімді түрде қадам басуды жалғастыруда.
Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, құт-береке, отбасыларыңызға бейбітшілік пен татулық тілейміз. Алдағы жыл жаңа табыс, жақсы өзгерістер әкеліп, туған өлкемізге деген мақтаныш сезімін ұялатсын!
Жаңа жылдарыңызбен!
Құрметпен,
Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ещанов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1218405?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау