Құрметті Шардара ауданының тұрғындары! Ардақты ағайын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ел тыныштығы мен мемлекет қауіпсіздігін қорғауды қасиетті парыз санаған ер азаматтарға көрсетілер ерекше құрмет күні. Отанды қорғау – әр азаматтың абыройлы міндеті, елге деген адалдық пен туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің айқын көрінісі.
Бабаларымыз аңсаған азаттықты сақтап, Тәуелсіз Қазақстанның тұғырын нығайту жолында ел қорғаны болған азаматтардың еңбегі әрдайым жоғары бағаланады. Бүгінде әскери қызметкерлер мен құқық қорғау саласының мамандары ел тыныштығы мен халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай қызмет етуде. Олардың ерлігі мен жауапкершілігі – өскелең ұрпаққа үлгі.
Туған жердің тыныштығы – әр шаңырақтың бақыты. Сондықтан бірлігіміз бекем, елдігіміз еңселі болсын! Жастарымыз отансүйгіш, рухы биік, елжанды болып өссін!
Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбірей берсін!
Құрметпен,
Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1218074?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version