Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
9 мамыр – батыр бабаларымыздың ерлігі мен жанқиярлығын ұлықтайтын қасиетті мереке. Бұл күн – Отанға деген адалдықтың, қайсар рухтың, ел бірлігі мен жеңіске деген сенімнің символы.
Сұрапыл соғыс жылдарында қазақстандықтар майдан мен тылда теңдессіз ерлік пен еңбек үлгісін көрсетті. Ауданымыздан 11 мыңнан астам азамат майданға аттанып, Ұлы Жеңіске өз үлестерін қосты. Олардың ерлігі мен еселі еңбегі – бүгінгі бейбіт өміріміздің берік негізі.
Ардагерлеріміздің өшпес ерлігі ешқашан ұмытылмайды, олардың есімі ел жадында мәңгі сақталады.
Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық, береке-бірлік пен бақ-дәулет тілеймін!
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау