Салықтық әкімшілендірудегі клиентке бағдарланған тәсіл бойынша ТМД форумы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   

 Шымкент қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің салық қызметтері басшылары Үйлестіру кеңесінің салық органдары қызметіне клиентке бағдарланған қағидаттарды енгізу жөніндегі Жұмыс тобының отырысы өтуде. Іс-шараға Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан өкілдері қатысуда.

Форум барысында қатысушылар мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың заманауи тәсілдерін, салық төлеушілермен өзара іс-қимылдың сервистік моделін дамытуды, пайдаланушылық тәжірибені (UX/UI) енгізуді, сондай-ақ салық органдарының клиентке бағдарланған қызметкерінің құзыреттерін қалыптастыру мәселелерін талқылауда.

 Форум бағдарламасына оқыту және практикалық сессиялар, халықаралық тәжірибе алмасу, цифрлық шешімдердің таныстырылымдары, сондай-ақ клиенттік жолды зерттеу және салықтық әкімшілендіру тиімділігін арттыру құралдарын талқылау енгізілген.

        Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

       Отырыс барысында ТМД елдерінің өкілдері мемлекеттік қызметтер көрсету мен әкімшілендіруде клиентке бағдарланған тәсілді дамыту бойынша үздік тәжірибелерін таныстырып, клиентке бағдарланған қызметкердің құзыреттер картасын бірлесіп әзірлеуде және ынтымақтастықтың алдағы бағыттарын талқылауда.

       Банк секторымен әріптестікті дамыту аясында форумға екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысып, Tax Advisor бағыты бойынша — салықтық жобаларды интеллектуалды сүйемелдеу жобаларын таныстыруда. Қатысушыларға бизнес пен салық органдарының, қаржы институттарының өзара іс-қимылын жеңілдетуге бағытталған заманауи цифрлық шешімдер мен сервистер ұсынылды.

      Форум қатысушылары үшін мемлекеттік кірістер органдарының клиенттерге қызмет көрсету орталықтарына, «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына, арнайы экономикалық аймақтар мен Шымкент қаласының өндірістік кәсіпорындарына бару арқылы көшпелі іс-шаралар ұйымдастырылған.

       Қазақстанда аталған отырыстың өткізілуі ТМД елдерінің салық қызметтері арасындағы халықаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, озық тәжірибелермен алмасуға және азаматтар мен бизнестің қажеттіліктеріне бағдарланған заманауи сервистік тәсілдерді дамытуға ықпал етеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1218418?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version