Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген әлеуметтік мемлекеттің негізгі қағидаттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Қайырымдылық туралы» заңдарының талаптарына сәйкес, Шардара ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бағытындағы жүйелі жұмыстар тұрақты түрде жүзеге асырылуда.
Аталған заңнамаларға сәйкес, әлеуметтік жағынан осал санатқа жататын азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету – жергілікті атқарушы органдар қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Осыған орай, тұрғын үйге мұқтаж Далбакова Гүлназ Жолдашбайқызының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, оның нақты мұқтаж санатқа жататыны анықталды.
Қайырымдылық қызметін дамыту және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру мақсатында, Шардара өңіріндегі спорт саласының қарашаңырағына айналған «АРМ спорт» клубының 25 жылдық мерейтойы және Ұлы Отан соғысының ардагері Роман Қарсыбайұлының құрметіне арналған қол күресінен XXVIII облыстық турнир аясында әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлік субъектілердің қолдауымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Осы аталған тұрғын үй бюджет қаражаты есебінен емес, демеушілік және қайырымдылық қаражаттары есебінен, «Tungush Group» ЖШС тарапынан сатып алынған тұрғын үйдің кілтін аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы Далбакова Гүлназ Жолдашбайқызына салтанатты түрде табыстады.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының «Қайырымдылық туралы» Заңының 4-бабында көзделген қайырымдылық қызметтің еріктілік, әлеуметтік жауапкершілік және мұқтаж азаматтарға көмек көрсету қағидаттарына толық сәйкес ұйымдастырылды.
Қуанышты сәтте баспаналы болған отбасы аудан басшылығына және қайырымдылық көмек көрсеткен «Tungush Group» ЖШС-не шынайы ризашылығын білдірді.
Іс-шара барысында Шардара ауданы әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы мен Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абдразахов Ерлан Әжімұханұлы арнайы қатысып, жаңа қоныс иелеріне ізгі тілектерін жеткізіп, шаңырақтарына құт-береке тіледі.
Мұндай қайырымдылық және әлеуметтік қолдау шаралары – Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатындағы ынтымақ, жанашырлық және азаматтық жауапкершілік қағидаттарының нақты көрінісі болып табылады.
Шардара ауданында алдағы уақытта да мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдар және қоғам белсенділерінің өзара әріптестігі негізінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған игі бастамалар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1218097?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау