ШҚО полициясы «Алтай» — «Ордабасы» матчында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО полициясы «Алтай» — «Ордабасы» матчында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етті

Кеше Өскемен қаласындағы «Восток» стадионы мыңдаған спорт сүйер қауымның бас қосқан орталығына айналды. Қазақстан Премьер-Лигасы аясында өткен «Алтай» мен «Ордабасы» командалары арасындағы кездесуге 7,5 мыңнан астам жанкүйер жиналды.

Іс-шараның ауқымдылығын ескере отырып, полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарды.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге патрульдік полиция жасақтары, мамандандырылған бөлімшелердің қызметкерлері, сондай-ақ жедел қызмет өкілдері жұмылдырылды.

Кіру аймақтарындағы адамдар легін үйлестіруге, өткізу режимін бақылауға және матч басталғанға дейін әрі аяқталғаннан кейін іргелес аумақтардағы жағдайды қадағалауға ерекше назар аударылды.

Күштерді сауатты орналастыру мен нақты профилактикалық жұмыстың нәтижесінде спорттық шара бірлік пен салауатты жанкүйерлік рух жағдайында өтті. Матч барысында төтенше оқиғаларға, құқыққа қарсы әрекеттерге немесе заңнаманы өрескел бұзу факілеріне жол берілген жоқ.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті тұрғындардың жоғары мәдениетін атап өтіп, кештің қауіпсіз әрі жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан тәртіптілігі мен өзара құрметі үшін жанкүйерлерге алғыс білдіреді.

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1217994?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version