📌 Шымкент қаласы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті «дерматокосметология» саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібіне қатысты келесіні хабарлайды.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына, ҚР ДСМ-нің 2023 жылғы 20 наурыздағы №43 «Қазақстан Республикасында дерматовенерологиялық көмекті ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес «дерматокосметология» «дерматовенерология (дерматокосметология)» кіші түрі бойынша лицензияланатын медициналық қызметке жатады.
⚖️ Емдік косметологиялық рәсімдерді жүзеге асыруға тек:
▪️ тиісті лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілері;
▪️ жоғары медициналық білімі және маман сертификаты бар бейінді мамандар ғана құқылы.
📌 Сонымен қатар:
— медициналық бақылауды талап етпейтін эстетикалық сипаттағы косметикалық қызметтер медициналық қызметке жатпайды;
— тері ауруларын емдеуге, алдын алуға, инъекциялық және аппараттық әдістерді қолдануға байланысты рәсімдер медициналық көмекке жатады және лицензияны талап етеді.
📄 Негіздеме:
ҚР ДСМ-нің 2020 жылғы 1 маусымдағы №ҚР ДСМ-59/2020 «“Медициналық қызметке лицензия беру” мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-shymkent/press/news/details/1217939?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау