«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Жеңіс» саябағында жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Экологиялық іс-шараға Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімінің орынбасары Жақсат Төлегенов, басқарма басшылары қатысты. Акция қаланы көгалдандыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған.

💬 – Жеңіс күні қарсаңында саябаққа 35 алма ағашын отырғыздық, – деп хабарлады Жақсат Төлегенов. – Бұл бүгінде ағаш отырғызылатын жалғыз жер емес. Қала әкімдігі осындай іс-шараны Батырлар аллеясында ұйымдастырды. Онда жеміс ағаштарының діңдері отырғызылған.

Еске салайық, халық арасында Жүз метрлік деп аталатын Жеңіс саябағы 2019 жылдың қазан айында абаттандырылды. Мердігер компания орындықтар орнатып, он мың шаршы метр жерге көгал шөп егді.

🎖 Батырлар аллеясы – 2010 жылы Әлия Молдағұлова даңғылында ашылған Кеңес Одағының Батыры атағын алған ақтөбеліктерге арналған мемориалдық кешен.

✍️ Санат РАШ
🗞️ 🌐 avestnik.kz
📸 Фото Куандык ТУЛЕМИСОВ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-transport/press/news/details/1217887?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version