Жаңа тәсілдерді дамыту мақсатында, Әлеуметтік қорғау саласын дамыту ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп, инновациялық техникалық оңалту құралдарын қолдана отырып, балаларды үй жағдайында оңалту бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.
Жоба «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 4 облыста (Абай облысы, Павлодар, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы) жүзеге асырылды.
508 балаға заманауи құралдармен үйде оңалту шаралары жүргізілді. Ата-аналарды оңалту жаттығуларына белсенді тарту және мамандармен (реабилитологтар, неврологтар, ЛФК нұсқаушылары) бірлесіп тиімділікті бақылау үшін цифрлық күнделікті қолдану тәжірибесі сынақтан өтті.
Оң нәтижелер байқалуда. Сонымен қатар, 350-ден астам баланың қозғалыс белсенділігі жақсарды, 20-дан астам бала өздігінен жүре бастады.
Қолда бар тәжірибеге сүйене отырып, үйде оңалту практикасы басқа аймақтарда да жалғасатын болады.
Сондай-ақ, биылғы жылы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдарын қамтамасыз ету тетігін жетілдіру жоспарлануда. Мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдарын уақытша берудің жаңа тәсілін енгізу, оны сараптау және оңалту құралдарын қайтару көзделген.
Бүгінгі таңда, техникалық оңалту құралдарын берудің қолданыстағы жүйесі қайтарымсыз негізде құрылған және құралдардың нақты жағдайын, оның тозуын ескермейді. Бұзылған жағдайда жөндеу мүмкіндігі жоқ. Техникалық оңалту құралдарын пайдаланушының нақты қажеттілігі мен антропометриялық деректерінің өзгеруі ескерілмейді.
Осыған байланысты, оңалтудың техникалық құралдарын қамтамасыз етудің жаңа тетігі енгізіледі, оның аясында мыналар қарастырылған:
- оңалтудың техникалық құралдарын жеке таңдау және пайдалану мәселелері бойынша кеңес беру;
- оңалтудың техникалық құралдарын уақытша пайдалануға беру;
- оңалтудың техникалық құралдарын ауыстыру мерзімі аяқталғаннан кейін қайтару;
- Әлеуметтік қорғау саласын дамыту ұлттық ғылыми орталығы филиалдарының базасындағы комиссиямен оңалтудың техникалық құралдарына әлеуметтік-техникалық сараптама жүргізу;
- сараптама мен оңалтудың техникалық құралдарын бағалау нәтижелері бойынша – жөндеуден кейін пайдалану (жөндеуден соң) немесе есептен шығару.
Сонымен қатар, оңалту құралдарының пайдаланушыларына техникалық қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін, оңалтудың техникалық құралдарының нақты жағдайы мен адамның жеке қажеттіліктері негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік беретін әлеуметтік-техникалық сараптама қызметі енгізілуде. Ұлттық ғылыми орталық филиалдарындағы әлеуметтік-техникалық сараптама қызметі профильді мамандарды (дене шынықтыру және оңалту дәрігері, методолог және техник) қамтиды.
Қайтарылған техникалық құралдар сараптамалық бағалаудан өтеді, оның қорытындысы бойынша жөндеу, ауыстыру, қайта пайдалану немесе есептен шығару туралы шешім қабылданады.
Мысалы, мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралын қайтару үшін ауыстыру мерзімі өткеннен кейін жүгінеді. Сараптамадан кейін ақаулар) анықталған жағдайда, техникалық құрал жөндеуге жіберіледі. Одан әрі пайдалануға жарамды құралдар жаңа құралға тапсырыс берген кезде күту кезеңінде үзіліссіздікті қамтамасыз ету үшін кейіннен уақытша пайдалануға жіберіледі. Жарамайтыны анықталған жағдайда, құрал есептен шығарылады, ал өтініш берушіге портал арқылы жаңа құрал тағайындалады.
Басқа жағдайда, техникалық құралдың бұзылуына байланысты ауыстыру мерзімі келместен бұрын, мүгедек адам әлеуметтік-техникалық сараптама қызметіне жүгінеді. Шағын жөндеу жүргізіледі. Қажет болған жағдайда комиссия оңалтудың техникалық құралын бағалау үшін әлеуметтік-техникалық сараптама жүргізеді. Бағалау нәтижелері бойынша жөндеу жүргізіліп, содан кейін қолданысқа беріледі.
Егер бағалау қорытындысы бойынша техникалық құралдың жарамсыздығы анықталса, құрал есептен шығарылады. Содан кейін бұл адамға басқа мүгедек адамдардан (өңдеуден және жөндеуден өткеннен кейін) қабылдау есебінен қалыптастырылған жалға беру пункті қорынан жөнделген техникалық құрал уақытша пайдалануға беріледі.
Осылайша, қайтарымды модель жергілікті жерлерде оңалтудың техникалық құралдарының қолжетімділігін арттырады.
Бұл тетік, мысалы, адамды жөндеу кезінде немесе уақытша қажеттілік туындағанда, мысалы, оңалтудың техникалық құралдарын жеткізілуін күту кезінде, ұзақ рәсімдерді күтпей, техникалық құралдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл шешімдердің негізділігін арттырады және алушылардың мүдделерін қорғайды.
Осылайша, оңалтудың техникалық құралдарын қайтару тетігін енгізудің күтілетін әсерлері бар:
- мүгедектігі бар адамдарға консультациялық қолдау көрсетудің қолжетімділігі;
- оңалтудың техникалық құралдарын жеке таңдау;
- оңалтудың техникалық құралдарының техникалық сүйемелдеуі мен пайдалану мерзімін ұзартудың қолжетімділігі;
- оңалтудың техникалық құралдарымен үздіксіз қамтамасыз ету, күту мерзімін қысқарту;
- оңалтудың техникалық құралдарын беру, пайдалануды бақылау және тиімділігіне жүйелі тәсілді қалыптастыру;
- оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету жүйесінің ашықтығы мен басқарылуын арттыру (қайтару тауарды қолма-қол ақшаға айналдыруды жоюға мүмкіндік береді).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1217954?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау