Ұрпақтар сабақтастығы: ШҚО полицейлері ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады
9 Мамыр — Ұлы Жеңіс күні Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің жедел басқару орталығы, көші-қон қызметі және криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ішкі істер органдарының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін арнайы барып құттықтап, олардың көпжылдық еңбегі, мамандыққа адалдығы және қызметтік борышына деген беріктігі үшін шынайы алғыстарын білдірді.
Жедел басқару орталығының қызметкерлері милиция майоры, бұрынғы кезекші бөлімнің бастығы Токарев Николай Прокопьевичті құттықтады. Ол «Қоғамдық тәртіпті қорғаудағы үздік қызметі үшін» медальдарымен, сондай-ақ «ҚазКСР Кеңестік милициясының үздігі» және «КСРО ІІМ милициясының үздігі» төсбелгілерімен марапатталған.
Көші-қон қызметі кәмелетке толмағандарға арналған қабылдау-тарату орнының бұрынғы бастығы, милиция майоры Токарев Петр Николаевичке барып, мерейтойлық медальдарымен марапатталған ардагерге құрмет көрсетті.
Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ішкі істер органдарының ардагері әрі тыл еңбеккері Чулкова Галина Ивановнаны құттықтады. Ол Октябрь АІІБ-нің қылмыстық іздестіру бөлімінде ұзақ жыл қызмет атқарып, милиция майоры шенінде зейнетке шыққан.
Құрмет белгісі ретінде ардагерлерге гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталып, зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілектері айтылды.
Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығының, қызмет тарихына деген құрметтің және қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында өмірін арнаған жандарға деген алғыстың айқын көрінісі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1217959?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау