Патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын Chevrolet Cruze маркалы автокөлік аударған. Құжаттарды тексеру барысында полицейлердің күдігі расталды: жүргізушіден өткір алкоголь иісі шыққан. Медициналық куәландыру оның мас күйде екенін дәлелдеді.
Алайда Павлодар қаласындағы Камзин көшесі, 56-үй маңында тоқтатылған Chevrolet Cruze жүргізушісіне қатысты жағдай бұдан да күрделі болып шықты. Дерекқорды тексеру кезінде ер адамның бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.
— Заңнамаға сәйкес, жүргізуші куәлігінен айырылған адамның мас күйде қайта көлік басқаруы қылмыстық құқықбұзушылық болып саналады. Заң мас күйде қайта рөлге отырғандарға өте қатаң қарайды. Бұл жай ғана жол қозғалысы ережесін бұзу емес, қоғамдық қауіпсіздікке қарсы жасалған қылмыс, — деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.
Полиция рөлге отыратын әр азаматқа ескерту жасайды: жол жауапсыздықты кешірмейді. Мас күйде көлік жүргізу арқылы сіз тек өз еркіндігіңізге емес, айналаңыздағы адамдардың — көршілеріңіздің, жаяу жүргіншілердің және балалардың өміріне қауіп төндіресіз.
Есіңізде болсын: алкоголь мен рөл — мүлде үйлеспейтін ұғымдар. Ал жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан заңды айналып өту әрекеті міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке және өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылуға әкеледі.
Өз тағдырыңызды талқандамаңыз және айналаңыздағы адамдарға қауіп төндірмеңіз. Егер ішімдік ішсеңіз — такси немесе «саламат жүргізуші» қызметін пайдаланыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1217920?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау