ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ: ХАЛЫҚТЫҢ ОРЫНДЫ ТАЛАБЫ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев А-15 «Жызақ – Гагарин – Жетісай – Киров – Қызыләскер – Сарыағаш – Абай – Жібек жолы» республикалық маңызы бар автожолының 175–183 шақырымдары аралығындағы бүлінген жол учаскесіне арнайы барып, жағдаймен танысты.
Аталған аумақта автоматтандырылған таразы орналасқан. Қазіргі таңда осы тұстағы жолдың бүлінуі тұрғындар мен жүргізушілердің қатынауына қолайсыздық туғызуда.
Мәселені жергілікті жерде зерделеген аудан әкімі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдері мен мердігер мекеме – «Әлем Транс Жол» ЖШС басшыларын шақыртып, жөндеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.
— Бұл жолмен күн сайын біздің тұрғындарымыз жүреді. Сондықтан халыққа қолайсыздық туғызған мәселені созуға болмайды. Жолдың бүлінуінен тұрғындар айналма жол іздеп, уақытын жоғалтып, көліктеріне зақым келтіріп отыр. Сол себепті жөндеу жұмыстарын шұғыл түрде әрі сапалы аяқтауды талап етемін. Ал аудан әкімдігі тарапынан жол толық қалпына келтірілгенге дейін жағдайды уақытша ретке келтіру үшін қажетті шаралар қабылданып, арнайы техника жұмылдырылып, жолдың ойылған тұстарына шағал төсеу жұмыстары ұйымдастырылады. Ең бастысы – тұрғындардың қауіпсіздігі мен қатынауына қолайлы жағдай жасау, – деді Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев.
Мамандардың айтуынша, жолдың бүлінуіне егістік алқаптарынан келетін ағын судың жиналуы себеп болған. Қазіргі уақытта мердігер мекеме қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Жөндеу жұмыстары 7–10 күн ішінде аяқталады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, аудан әкімінің тапсырмасымен аудандық «Келес Қызмет» мекемесінің техникалары жұмылдырылып, жолдың уақытша қозғалысқа қолайлы болуын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы тұрғындардың қатынауына қолайлы жағдай жасалып, жол толық қалпына келгенге дейін бұл мәселе тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1218379?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version