2026 жылдың 12 мамырында Қызылорда қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары департамент қызметкерлеріне «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны» тапсыру тәртібін түсіндіру мақсатында ақпараттық семинар ұйымдастырды. Іс-шара барысында декларацияны ұсыну мерзімдері, толтыру талаптары және электрондық түрде жолдау жолдары кеңінен түсіндірілді. Қызметкерлерге декларацияны «Салық төлеуші кабинеті», «Электрондық үкімет» порталы, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және «eGov mobile» мобильді қосымшалары арқылы тапсыру мүмкіндіктері таныстырылды. Семинар кезінде декларацияны уақытылы әрі дұрыс тапсырудың маңыздылығына ерекше назар аударылып, жиі жіберілетін қателіктердің алдын алу тәсілдері айтылды. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты түсіндірмелер беріліп, практикалық кеңестер ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1217989?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау