Семинардың негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сондай-ақ білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау барысында қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру болды. Іс-шараға облыстық білім беру ұйымдарының басшылары, бөлім өкілдері, жұмысқа қабылдау мәселелеріне жауапты мамандар және Білім басқармасының қызметкерлері қатысты. Жалпы семинарға 30-дан астам адам жиналды.
Семинар барысында білім беру ұйымдарына кадрларды іріктеу және жұмысқа қабылдау тәртібіне қатысты қолданыстағы нормалар жан-жақты түсіндірілді. Қатысушыларға конкурс өткізу рәсімдері, үміткерлерге қойылатын талаптар, құжаттарды қабылдау және қарау кезеңдері бойынша нақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету тетіктері кеңінен талқыланды.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтіліп, білім беру саласында заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тиісті түсіндірмелер алды.
Мұндай ақпараттық-түсіндіру шаралары білім беру ұйымдарындағы кадрлық процестердің ашықтығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-bilim/press/news/details/1219109?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау