-Жеке гигиенаны сақтау: тұрақты душ, күнделікті гигиеналық душ ваннаға қарағанда жақсы, тітіркенуді болдырмайтын жұмсақ гигиеналық құралдарды қолдану. Ішек флорасының уретраға енуіне жол бермеу үшін алдыңғы жағынан артқа қарай жуу маңызды.
– Су ішу режимін сақтау: жеткілікті мөлшерде су ішу керек (күніне 1,5–2 литр). Сұйықтықты ішу бактерияларды қуықтан «шайып шығаруға» көмектеседі.
– Қуықты уақтылы босату: зәр шығарғың келгенде шыдауға болмайды. Үнемі зәрді босату зәрдің іркілуіне және бактериялардың көбеюіне жол бермейді.
– Қатты тоңуға жол бермеу: жамбас гипотермиясы жергілікті иммунитетті төмендетеді және қабыну процесіне әкелуі мүмкін.
– Ыңғайлы киім мен іш киім: мақта іш киімін кию, тым тар джинсы мен шалбардан бас тарту, олар парниктік әсер туындатады және бактериялардың көбеюіне ықпал етеді.
– Дұрыс тамақтану және иммунитетті қолдау: тамақтану кезінде шырышты қабықты нығайтуға көмектесетін А, Е және С дәрумендеріне бай өнімдерді қосу. Зәрді тітіркендіретін ащы, тұзды, қышқыл тағамдар мен кофеинді өнімдерді тұтынуды азайту. Иммунитетті нығайту – шынықтыру, физикалық белсенділік және инфекцияның созылмалы ошақтарын уақтылы емдеу (кариес, тонзиллит) асқыну қаупін азайтады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1219111?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау