🔰 САЙРАМ: АУДАН ПРОКУРОРЫНЫҢ ТЕКСЕРУДІ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ АКТІСІНЕ СӘЙКЕС «РӘЗИЯ АНА» ЖЕКЕ МЕНШІК МЕКТЕБІ» ЖШС-НЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылдың 13 мамыр күні Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен Сайрам аудандық прокуратурасының тексеру тағайындау туралы қаулысы негізінде «Рәзия Ана» жеке меншік мектебі» ЖШС-де еңбек заңдылықтарының сақталуына қатысты тексеру жүргізілді.
 
Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рахымбердиев Еркен Мақсұтұлы «Рәзия Ана» жеке меншік мектебі» ЖШС-де жүргізілген тексеру қорытындысымен таныстыру және Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарын түсіндіру мақсатында мектеп ұжымымен кездесу ұйымдастырды.
 
Еркін Мақсұтұлы кездесу барысында қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) маңыздылығы, мекемеде бекітілген ұжымдық шарттарды цифрландыруды қамтамасыз ету, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу, еңбекақының төлену тәртібі, міндетті әлеуметтік аударымдар мәселелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1218969?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version