2026 жылы Ақтөбе облысында жергілікті маңызы бар 292 шақырым жолды жаңарту жоспарланып отыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Оның 75 шақырымы — қалаішілік және ауылішілік жолдар.

Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайер Ойыл, Қарғалы, Хромтау, Әйтеке би, Ырғыз және Шалқар аудандарындағы автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарының барысына мониторинг жүргізді. Нәтижесінде барлық нысандағы жұмыстардың бекітілген кестеге сәйкес орындалып жатқаны анықталды.

Қазіргі таңда Ойыл ауданында көпір құрылысы жалғасып, бірқатар жол учаскесінде жол негіздемесін дайындау және су өткізу құбырларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Хромтау ауданында бірнеше жол учаскесінің негізі толық дайындалып, асфальт төсеу жұмыстары мамыр айында басталады. Сонымен қатар, Хромтау қаласының негізгі және ішкі жолдарын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда.

Ырғыз ауданында Ырғыз – Құтикөл – Жарма автожолының бір бөлігінде асфальт төсеу жұмыстары басталды. Қалған учаскелерде дайындық жұмыстары аяқталған.

Әйтеке би және Шалқар аудандарында да жол негіздемесін дайындау және ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды.

Облыстағы барлық жол құрылысы жобаларының орындалуы – тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/1219184?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version