Қабанбай ауылының Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов атындағы саябағында жазушы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, даңқты жерлесіміздің туған күніне орай «Әнуар Әлімжанов мұрасы – ұрпаққа өнеге» атты әдеби-мәдени тағылымды шара өтті.
Шара барысында қатысушылар Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы тұлғаның рухына тағзым етті. Жиналған қауым даңқты жерлесімізді бір минут үнсіздікпен еске алып, оның ел үшін атқарған елеулі еңбегіне құрмет көрсетті.
Сондай-ақ, ауыл кітапханасы тарапынан Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов шығармашылығына арналған арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашылар қатысушыларды ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылық мұрасын танытатын кітаптармен кеңінен таныстырды.
Тағылымды басқосу барысында ауылдың көнекөз қариялары сөз алып, ұлы тұлғаны көзімен көріп, өнегелі өмір жолынан тағылым алған сәттерімен бөлісті.
Сондай-ақ, оқушылар жазушыға арнаулар оқып, оның шығармашылығы мен елге сіңірген еңбегі туралы әсерлі ойларын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1218574?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау