АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Абай облысы Жаңасемей ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 28 мамырға белгіленген және 2026 жылғы 1 сәуірдегі «Жаңарған Жаңасемей» газетінің №12(23) санында жарияланған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жалдау құқығын беру жөніндегі конкурсынан келесі лоттардың алынатынын хабарлайды:

– №11 лот – Алғабас ауылдық округінде орналасқан, есептік нөмірі 23-252-174, Алғабас ауылынан батысқа қарай 24,6 км жерде орналасқан, жалпы ауданы 2000 га жер телімі;

– №13 лот – Алғабас ауылдық округінде орналасқан, есепті нөмірі 23-252-174, Алғабас ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20,1 км жерде орналасқан, жалпы ауданы 881 га жер телімі;

– №28 лот – Қараөлең ауылдық округінде орналасқан, есептік нөмірі 23-252-169, Қараөлең ауылынан батысқа қарай 0,5 км жерде орналасқан, жалпы ауданы 850 га жер телімі.

Конкурстан алыну себептері:

№11 және №13 лоттар жерге орналастыру жобасына түзетулер енгізу қажеттілігіне байланысты конкурстан алынады.

№28 лот бұрынғы Қараөлең елді-мекенінің тұрғындарының қарсылығына байланысты конкурстан алынады, себебі аталған жер учаскесі жергілікті халықтың мал жаюына пайдаланылып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1219079?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version