Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 13 мамыр күні Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы кеңес төрағасы Сьезбек Кариповтың төрағалығымен өтті. Жиынға қоғамдық кеңес мүшелері, қала әкімдігінің өкілдері және жауапты сала басшылары қатысты.

Күн тәртібінде қала мен Өмірзақ ауылы бюджеттерінің орындалысы, алдағы кезеңге арналған бюджеттік жоспарларға өзгерістер енгізу, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен балаларға арналған инфрақұрылым нысандарындағы қауіпсіздік мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, кеңес барысында:
– 2025 жылға арналған Ақтау қаласы бюджетінің орындалысы туралы есеп;
– 2025 жылға арналған Өмірзақ ауылы бюджетінің орындалысы туралы есеп;
– қалалық мәслихаттың 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №28/172 «2026-2028 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі;
– Ақтау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №28/178 «2026-2028 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі;
– мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар, атап айтқанда бейнебақылау жүйелері, жол белгілері мен бағдаршамдардың жай-күйі, сондай-ақ балалар спорт алаңдарының қауіпсіздігі мен техникалық жарамдылығын бақылау мәселелері талқыланды.

Отырыста жауапты бөлім басшылары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасап, кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап берді.

Жиын қорытындысында Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Сьезбек Карипов сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта да тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, жүйелі жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1219322?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version