Ақтөбелік журналист Килиманджаро шыңына Ақтөбе туын тікті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбелік журналист, саяхатшы Марат Танкаев Африканың ең биік нүктесі — Килиманджаро тауындағы Ухуру шыңын бағындырды. Теңіз деңгейінен 5895 метр биіктікте орналасқан шыңға көтерілген ол бұл сапарын әкесінің рухына, Жеңіс күні және алда келе жатқан Ақтөбе қаласының күніне арнағанын айтты.

Бұлттардың үстінде, ауа сиреп, әр қадам ерекше күш талап ететін биіктікте Марат туған қаласының туын жайды. Оның айтуынша, бұл сапар тек физикалық сынақ емес, адамды өзімен бетпе-бет қалдыратын рухани жол болған.

Сапар барысында ол танзаниялық гидтерге «Килиманджаро» сөзінің суахили тіліндегі бір аудармасы «ақ шың» деген мағына беретінін айтқан. Ал қазақ тіліндегі Ақтөбе атауы да «ақ төбе» немесе «ақ шың» ұғымымен үндеседі.

Бұл сәйкестік гидтердің де назарын аударған.

— Үйіңе қош келдің! — деп әзілдеген олар саяхатшыға ерекше ықылас білдірген.

Марат Танкаевтың айтуынша, кейде Африканың ең биік нүктесіне апаратын жол адамның өз-өзіне апаратын жолына айналады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/1219175?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version