Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары “АТАМЕКЕН” Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп өнеркәсіптік және коммуналдық объектілер бойынша бизнес субъектілерімен кеңес өткізді.
Кеңес барысында «Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау» АЖ сервистік бағдарламалық өнімінде өндірістік бақылауды ұйымдастыру, орындау және жүргізу мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес бизнес субъектілерінің есептілікті келесі айдың 5-күніне жарты жылда бір рет ұсыну мәселелері қаралды.
Қатысушылардан келіп түскен сұрақтарға жауаптар толық берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1218728?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау