6 мамыр күні Ақтөбе-Атырау-Астрахань республикалық маңызы бар тасжолының 547-шақырымында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу дерегі анықталды. Полиция қызметкерлерінің дрон көмегімен жүргізген бақылауы барысында Toyota Camry маркалы автокөлік жүргізушісінің жолдың көлденең таңбасымен белгіленген үздіксіз сызықты кесіп өтіп, «Басып озуға тыйым салынады» жол белгісінің талабын бұза отырып, қарсы бағыт жолағына шығып, басып озу әрекетін жасағаны анықталған.
Көлік құралы тоқтатылып, жүргізушімен жүргізілген түсіндіру жұмыстары мен полиция қызметкерінің әрекеті қызметтік бейнежетонға жазылды.
Аталған құқық бұзушылық бойынша жүргізушіге қатысты тиісті әкімшілік хаттама толтырылды. Айта кетейік, жыл басынан бері дрон көмегімен жол қозғалысы ережесін бұзудың 100-ге жуық дерегі тіркелді. Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Қарсы қозғалыс жолағына шығу – ауыр жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1218551?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау