«Ауыл-Ел бесігі» жобасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Ақтоғай ауданында 2019–2025 жылдар аралығында 7 елді мекенде 24 жоба жүзеге асырылды. Жалпы қаржыландыру көлемі 1 716 млн теңгені құрады.

Жобаны іске асыру барысында жалпы ұзындығы 25 шақырымнан асатын ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп, 3 мектепке және 5 мәдениет пен спорт нысандарына күрделі жөндеу жасалды.

Сонымен қатар жаңа спорт нысандары салынды. Атап айтқанда, Ақтоғай ауылында хоккей корты, Қожамжар ауылында көпфункционалды спорт алаңы және Қараоба ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтерді.

Жобаның жүзеге асырылуы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін жақсартуға және спорт, мәдениет пен көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыруға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-aktogay/press/news/details/1218795?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version