Баспасөз релизі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2026 жылғы 12 мамырда өткен отырысында Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы мен Ұлан ауданы бойынша білім бөлімдерінің 2023-2025 жылдардағы қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің  қорытындысы шығарылды.

Аудитпен 8 объект қамтылды, 2023-2025 жылдар кезеңі бойынша тексерілген қаражат пен активтердің жалпы сомасы 9,6 млрд теңгеден асты.

Негізгі проблемалар: қарқынды дамып келе жатқан шағын аудандарда оқушылар орнының жіті тапшылығы, жекелеген пәндер бойынша мұғалімдердің тапшылығы, лауазымдарды біріктіру, халықтың кетуіне байланысты кадрлардың тұрақсыздығы, жас мамандар үшін ауылдық аумақтардың тартымдылығының төмендігі, аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының өздеріне бекітіліп берілген жұмыс учаскелерінде функционалдық міндеттерін орындамауы, бюджет қаражатын жоспарлау негізділігінің жеткіліксіздігі, мемлекеттік мүлікті басқаруға бақылаудың әлсіздігі, сондай-ақ басқару шешімдерінің жеткілікті пысықталмауы.

Негізгі қаржылық бұзушылықтар: негізсіз шығындар мен төлемдер, орындалмаған жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу, бухгалтерлік есепті бұзу және есептілікті бұрмалау, сондай-ақ бюджет кірістерінің (салық және салықтық емес) түсімдерін қамтамасыз етпеуге байланысты бұзушылықтар анықталды.

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар материалдар бойынша ақпарат әкімшілік өндіріс қозғау үшін уәкілетті органдарға берілді.

Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне бұзушылықтарды жоюға және орта білім беру ұйымдарының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге арналған ұсынымдар беріліп, нұсқамалар шығарылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomvko/press/news/details/1218683?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version