2026 жылдың 13 мамырында облыс әкімдігі дін істері басқармасы жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес облыс әкімдігінің білім басқармасының бөлім басшысы Е.Таткеевтің «Кәмелетке толмағандардың арасында деструктивті діни идеологияның таралуын болдырмау және алдын алу жұмыстарын жетілдіру туралы» және Шу ауданы әкімінің орынбасары Н.Сұлтанбаевтың «Шу ауданы аумағындағы діни ахуал туралы» тақырыптағы баяндамалары тыңдалды.
Кеңес отырысы барысында білім саласы мен Шу ауданындағы діни ахуал жайлы өзекті мәселелер қаралып, Кеңес мүшелерімен сұрақтар қойылып, баяндамашылар тарапынан тиісті жауаптар берілді.
Жиынның соңында Кеңес отырысына төрағалық еткен облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Е.Ақбай діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу жұмыстарын ары қарай жалғастыру қажет екендігін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-din/press/news/details/1219338?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау