Конкурсқа кәсіпорындардың барлық қызметкерлері (саласына қарамастан) қатыса алады. Конкурс жеңімпаздарын өңірлік және республикалық комиссиялар келесі номинациялар бойынша екі кезеңде айқындайды:
1) «Үздік еңбек әулеті» – осы кәсіпорында ең ұзақ еңбек өтілі бар ең көп марапаттары бар ең көп әулет (бір отбасының үш және одан да көп ұрпағы) таңдалады.
2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады (жұмыс өтілі кемінде 20 жыл).
3) «Өндірістің үздік жас қызметкері» – өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады (жұмыс өтілі 5 жылдан аспайды);
Конкурс жеңімпаздарына тиісті диплом және ақшалай сомаға сертификаттар беріледі:
– 1 орын үшін – 1 000 000 (миллион) теңге;
– 2 орын үшін – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
– 3 орын үшін – 200 000 (екі жүз мың) теңге.
Сайысқа «Qamqor.enbek.kz» платформасы арқылы қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 01 шілдеге дейін қабылданады.
«Еңбек жолы» байқауына қатысу ережесі мен тәртібі туралы толығырақ ақпаратты Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен (Саран қ., Жеңіс көш., 45, № 3 каб, анықтама телефоны 7 67 70) білуге болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1219368?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау