9 мамыр күні Байнаcсай ауылдық округінде Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Аталған шараға округ тұрғындары, мекеме қызметкерлері, жастар және еңбек ардагерлері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар майдангерлердің рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздік жариялады. Сонымен қатар, батырлардың ерлігі мен ел үшін жасаған жанқиярлық еңбегіне құрмет ретінде ескерткішке гүл шоқтары мен гүлдер қойылды.
Мерекелік шара патриоттық рухта өтіп, өскелең ұрпақты ел тарихын құрметтеуге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-bainassay/press/news/details/1219017?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау