Бүгін, 12 мамыр күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Nostrac Group» компаниясының құрылтайшысы Мохаммад Садег Кавемен кездесті.
Кездесуде Маңғыстау облысының порттық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар қаралды. Атап айтқанда, инвесторлар Ақтау теңіз портын дамыту жобасын таныстырды. Жоба аясында контейнерлік тасымалдарды дамыту, порт инфрақұрылымын кеңейту және теңіз түбін тереңдету жұмыстары жоспарланған.
Аймақ басшысы Маңғыстау облысының көлік-логистикалық әлеуетіне тоқталып, өңірдің халықаралық транзиттік дәліздер тоғысқан маңызды аймақ екенін атап өтті. Оның айтуынша, Транскаспий халықаралық көлік бағыты, ТРАСЕКА және «Солтүстік – Оңтүстік» дәліздері өңір аумағы арқылы өтеді. Бұл халықаралық әріптестікті дамытуға үлкен мүмкіндік береді.
Кездесу барысында компания
Кездесу қорытындысында облыс әкімі өңір үшін маңызды жобаларды іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
– Біз көлік-логистика саласын дамытуға бағытталған инвестициялық бастамаларға ерекше мән береміз. Облыс әкімдігі заңнама аясында жобаларға қажетті қолдау көрсетуге дайын, – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1218454?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау